Түркістан облысында қайын апасы келінінің бетіне отқа қыздырылған шанышқы басқан


Түркістан облысында қайын апасы шанышқыны отқа қыздырып, келінінің бетіне басқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлайды.

219758667 216298637042630 6826648952082480262 n

«Фотодағы 40-қа толмаған келіншек. Есімі –  Гүлзира. Қайын әпкесі газ плитаны жумадың деп шанышқыны отқа қыздырып бетіне басқан. Оқиға Түркістан облысында болды. Гүлзира туғаннан ақыл-есі кем, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды, кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болған. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы» – деп жазылған жазба мәтінінде.

Back to top button