Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса не болады?

Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса не болады?

Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса не болады?
ашық дереккөзі
Мәскеу мемлекеттік университеті Вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский вакцинаның бір ғана компонентін алғандардың иммунитеті әлсіздеу болатынын айтты, - деп жазды Sputnik радиосы. «Кейбір адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, екіншісінен бас тартып жатыр. Бұл эпидемиология тұрғысынан дұрыс емес. Бір ғана компонентті салдырса, иммунитет әлсіздеу болады», – деді Алексей Аграновский. Маман вакцинация курсын толық аяқтамағандар коронавирус жұқтыруға бейім әрі олар үшін «дельта» штамы өте қауіпті екенін айтты. «Екпенің екі компонентін неге алу керек? Вакцина «ухань» штамы үшін жасалды, бірақ кейін «дельта» штамы келді. «Спутник V» вакцинасының бастапқы штамға қарсы тиімділігі 90 және одан да көп пайызды құрады. Ал «дельтаға» – 80%. Бұл бәрібір де көп. Мұның бәрі тиімді жұмыс істеу үшін схема бойынша вакцина салдыру қажет», – деп кеңес берді Аграновский.