Малидің уақытша президентіне шабуыл жасалды

Малидің уақытша президенті, полковник Ассими Гоитаға пышақпен шабуыл жасалды, – деп жазды Sputnik радиосы.

Оқиғаның мән-жайы әлі ашылған жоқ.

Малидегі әскери күштер 24 мамырда Ба Ндау мен премьер-министр Моктар Уанды тұтқындады және оларды Бамако астанасының жанындағы Кати әскери базасына көшірді.

Ассими Гоита президент пен премьерді өтпелі хартияны бұзғаны үшін қызметінен босатқанын мәлімдеді. Гоита бастаған әскери кеңес елді басқаруды өз мойнына алды және келесі жылы Малиде президенттік және парламенттік сайлау өткізілетінін жариялады.

Мали Конституциялық соты Гоитаны өтпелі кезең президенті деп жариялады.

Back to top button