Шығыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті

Шығыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті

Шығыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында белгіленбеген жерде суға шомылған үш адам қайтыс болды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Шығыс Қазақстан облысында жабдықталмаған жағажайларда суға кету оқиғасы жиілеп барады, ол жерлерде шомылуға рұқсат берілмеген және құтқарушылар кезекшілік етпейді. 17 шілде күні Бұқтырма су қоймасының Қызыл Ту өткелі ауданында 1981 жылы туған ер адам суға батып кетті. 18 шілде күні Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасының жабайы жағажайында 17 жастағы жігіт суға батып кетті. Қазіргі уақытта жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып кеткен адамды іздестіруде. Іздеу жұмыстарын судағы шөптердің көп болуы қиындатуда. 19 шілдеде Төменгі Тайынты ауылында 2006 жылы туған жасөспірім жабдықталмаған жерде суға батып кетті.