Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар қатынайды

Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды, – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз мезгіліндегі сұраныстың артуына байланысты «Алматы-2 – Маңғыстау» бағытындағы №287/288 және «Алматы-2 – Семей» бағытындағы №477/478 коммерциялық жолаушылар пойызы жүретінін хабарлайды. 2021 жылғы 21 шілдеден бастап №287/288 пойызы, ал 23 шілдеден бастап 477/478 пойызы Алматы-2 станциясынан аптасына бір рет қатынайды», – делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді өтінеді. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парақшасы» функционалын пайдалануға болады.

Сонымен қатар карантин режиміне байланысты жолға шыққанда және вокзалдарға кіріп-шыққанда маска тағу міндетті.

Back to top button