Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырғандар саны 71 адамға жетті

Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырғандар саны 71 адамға жетті

Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырғандар саны 71 адамға жетті
ашық дереккөзі

Токиодағы Олимпиада ойындарында 17-19 шілде аралығында коронавирус жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді, деп хабарлайды "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің сайты.

1 шілдеден бастап қазірге дейін індет жұқтырғандардың жалпы саны 71 адамға жетті, олардың ішінде 31 адам - шетелдік. Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеден бастап Токиода эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 22 тамызға дейін созылады. Токиодағы жазғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.