Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырғандар саны 71 адамға жетті

Токиодағы Олимпиада ойындарында 17-19 шілде аралығында коронавирус жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді, деп хабарлайды «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайты.

1 шілдеден бастап қазірге дейін індет жұқтырғандардың жалпы саны 71 адамға жетті, олардың ішінде 31 адам – шетелдік.

Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеден бастап Токиода эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 22 тамызға дейін созылады.

Токиодағы жазғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Back to top button