Вакцинаға қарсы бір топ әйел министрлік өкілдеріне тап берді (видео)

Вакцинаға қарсы бір топ әйел министрлік өкілдеріне тап берді (видео)

Вакцинаға қарсы бір топ әйел министрлік өкілдеріне тап берді (видео)
ашық дереккөзі

Тұрғындармен кездесуге денсаулық сақтау вице-министрлері Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі Ержан Байтанаев келген. Ал әйелдер болса  олардың сөзін тыңдамай, шенеуніктермен төбелеспекші болды.

Ержан Байтанаев қандай жағдай болмасын мемлекеттік орган қызметкерлерінің  халықпен келісімге келуге тырысатындығын айтып, пікір білдірді. Бұл туралы Orda.kz. порталы хабарлады.
— Бүгінгі болған оқиға мені қатты састырды. Мен көп балалы аналардың бұл қылығын көріп, не айтарымды білмей қалдым. Олардың арасында мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар да бар, алайда әйелдердің министрліктің мүгедек қызметкеріне көрсеткен озбырлығы адам нанғысыз. Олар ғимаратқа баса көктеп кіріп, өзін қорғай алмайтын қызметкерді тарпа бас салды. Күш көрсетіп, балағаттай бастады. Бейшара қыздың, керісінше, оларға көмектіскісі келетінін ешкім де тыңдамады, – дейді Байтанаев.
Жағдайды мысалға алған  Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі халықты сабырлыққа шақырды.
— Мүгедек жандардың мүддесін қорғаймыз деген олар мүмкіндігі шектеулі қызға қатысты осындай қылық танытып отыр. Бұл не деген екіжүзділік? Біз зайырлы әрі заңға негізделген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті әркімнің үніне құлақ асуға дайынбыз. Егер сұрақтарыңыз бен шешілмеген мәселелеріңіз болса, ашуға берілмей келіп түсіндіріңіздер. Біз тыңдауға дайынбыз, – деді Байтанаев.
Бұған дейін мемлекет басшысы вакцина алғысы келмейтін адамдармен жұмыс жүргізу керек екендігін  болатын. [video width="480" height="476" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/07/trimf023de05-5bf4-43b5-809b-f9d4b11a97c4_in6fcuk7.mp4"][/video]