20 шілде – Халықаралық шахмат күні

20 шілде – Халықаралық шахмат күні

20 шілде – Халықаралық шахмат күні
ашық дереккөзі
1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген (FIDE). Шахматтың тарихы бір жарым мың жылдан асады. Шахмат біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырда Үндістанда пайда болған. Алғашқы атауы - чатуранга. Үндістаннан көрші елдерге таралған чатуранга бірқатар өзгерістерге ұшырады. Шығыста ол шатранж, Қытайда – сянци, Тайландта – макрук деп аталды. IX-X ғасырда ойын Еуропаға келді, онда "классикалық" ойын ережелері жасалды. Соңғы ережелер XIX ғасырда қалыптасты. Ал 1886 жылы шахматтан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Ойынның қазіргі аты парсы тілінен аударғанда "шах мат" - "билеуші өлді" деген мағынаны білдіреді. Бұл ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.