Павлодар облысында 80 жастағы әжей қалыңдық атанған
Павлодар облысында 80 жастағы әжей қалыңдық атанған
Павлодар облысында биыл тұрмысқа шыққан ең үлкен қалыңдықтың жасы нешеде екені белгілі болды. Бұл туралы өңірдегі департамент басшысы Жақан Жәкенов мәлімдеді деп жазды pavlodarnews.kz сайты.
"Биыл некеге тұрған қалыңдықтардың арасында 80 жастағы әжей кездесті. Ол күйеуге шыққан қалыңдықтардың арасындағы ең үлкені. Ал ең үлкен күйеу жігіт 84 жаста", - деді Жәкенов.
Сондай-ақ, департамент басшысы өңірдегі ең жас келіндерге де тоқталып өтті.
"Ең жас келіндердің жасы 16-да. Өңірдегі үш қыз бала осы жасында күйеуге шығып отыр. Екі күйеу жігіт 17 жаста", - деді ол.
Брифингте АХАТ органдарының Павлодар облысында 1735 некені тіркегені расталды. Сонымен қатар, ажырасушылар саны да анықталды. Жыл басынан бері өңірде 449 жұп ажырасып кеткен.