Коронавирус жұқтырған әйелін ұрып-соғып, қуып шыққан Қызылорда тұрғынының кім екені анықталды

Бүгін Қызылорда тұрғыны коронавирус жұқтырған әйелін аяусыз ұрып, түнде көшеге қуып шыққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Ведомство ер адамның кім екені анықталғанын хабарлады.

«Жәбірленушінің өтініші бойынша учаскелік инспекторлар құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығарды. Қазір әйел жәбірленуші медицина мекемесінен қажетті медициналық көмек алып жатыр. Медицина мекемесінен шыққаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның нәтижелері бойынша құқық бұзушы қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп түсіндірді ПД.

Back to top button