Жаңалықтар

Рухия Байдүкенова: Жеңісімді қазақ еліне арнаймын

ашық дереккөзі

Рухия Байдүкенова: Жеңісімді қазақ еліне арнаймын

«Славян базары» халықаралық байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкен байқаудан кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көңіл күйім керемет. Бұл менің ең алғашқы үлкен жеңісім және оны қазақ еліне арнаймын. Себебі мен отандастарымның қолдауын сезіндім. Сонымен қатар осындағы жергілікті халық та қолдау көрсетті. Мен өзім музыкамен мектеп жасынан бастап айналысып келемін. Мектеп бітірген соң музыкалық колледжге түсіп, оны тәмамдап, қазір ұлттық өнер академиясының 3 курс студентімін. Алдағы мақсатым – өз әндерімді орындап, соған клип түсіру. Сол сияқты қазақстандық және шетелдік телевизиялық жобаларға қатысу. Шетелдік продюсер немесе компаниялардан ұсыныс түсіп жатса, жұмыс істеуге әзірмін, - деді жас әнші Рухия Байдүкен ZOOM алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, жерлесіміз, әнші Димаш Құдайберген қолдау көрсеткенін айтып өтті. Димаш Құдайберген байқауға дейін өз кеңесін беріп, қолдау көрсетті. Әсіресе вокал жағынан сүйемелдеу көрсетті. Байқау басталған соң біз сөйлеспедік, өйткені ол төреші ал мен қатысушымын. Сондықтан біз сайыстың әділ өтуін қаладық,- дейді ол.