"Індеттің шарықтау шегі тамызда болады": Алматының санитар дәрігерлері болжам айтты

"Індеттің шарықтау шегі тамызда болады": Алматының санитар дәрігерлері болжам айтты

"Індеттің шарықтау шегі тамызда болады": Алматының санитар дәрігерлері болжам айтты
ашық дереккөзі

Алматының санитар дәрігерлері қалада коронавирустың шарықтау шегі тамыз айының басында болады деп санайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша, негізгі болжамға сәйкес, аурудың шарықтау шегі 3-4 тамызда болады және күніне 1 600-ге жуық жаңа жағдайды тіркеледі. Пессимистік болжам бойынша, аурудың шыңы 10-11 тамызда тіркеліп, тәулігіне 1 900-ге дейін науқас тіркелетін болады. Нәтижесінде, санитар дәрігерлер базалық сценарий бойынша шілдеде коронавирус жұқтырудың 27,5 мың жағдайы, тамызда - 34,5 мың, қыркүйекте - 4,5 мың, ал пессимистік болжам бойынша - шілдеде 29 мың covid-19 жағдайы, тамызда – 49,5 мың, қыркүйекте – 13,5 мың болады деп болжап отыр.