Асқар Мамин халыққа жем-шөпті қолжетімді бағаға сату мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды
Асқар Мамин халыққа жем-шөпті қолжетімді бағаға сату мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды
Премьер-Министр Асқар Мамин жем-шөп дайындау мәселелері жөнінде кеңес өткізд, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Жем-шөп дайындау бойынша қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев, өңірлердегі ахуал туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, шаруаларды жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, сумен қамтамасыз ету және ерекше қорғалатын аумақтарда шабындықтар бөлу туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев баяндады.