Түркістандық ұстаз үшемнің анасы атанды

Түркістандық ұстаз үшемнің анасы атанды

Түркістандық ұстаз үшемнің анасы атанды
ашық дереккөзі
Екі қыз, бір ұлды тәрбиелеп отырған Жомарт Бахитов пен Аягөз Қарымсақованың отбасында үшем дүниеге келді. Сәбилерге — Ернұр, Балнұр, Айнұр есімдері берілген. «Қарақай» ауылдық округі, Сәтпаев елдімекенінде тұратын ата-ана аудан орталығында ұстаз болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда  нәрестелер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында. Олар медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулықтары қалыпты жағдайда. «Әулетімізде отағасы жағынан егіз бар. Алғашында дәрігерлер үшем босанасың дегенде ерекше толқыныс пен аздап қорқыныш болды. Алланың менің отбасыма жасаған сыйына сансыз шүкір етемін», - деді үшемнің анасы.
Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша былтыр 51 егіз дүниеге келген. Олардың 22-і егіз қыздар, 16-ы егіз ұлдар, 12 отбасында аралас сәбилер туылған.  Ал, биыл 10 отбасында егіздер жарық дүние есігін ашқан.