Арабтар жаудырған жасанды жауын су тасқынына ұласты (видео)

Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында жасанды жолмен жаудырған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, нөсер мен күшті жел өткен аптаның ортасынан бастап толастамаған. Синоптиктер қолайсыз ауа райы ғалымдар электр зарядтары арқылы жаңбыр жаудыру үшін аспанға дрондар жібергеннен кейін орнағанын айтады. Әйтпесе Біріккен Араб Әмірліктерінде жазда мүлде жауын түспейді. Қыс пен көктемде де жаңбыр аз жауған.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде жаздың аптап ыстығында жаңбырды жасанды жолмен жаудыртатын технология сыналғанын хабарлаған едік. 

Back to top button