Түркістан облысында тауға демалуға кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Түркістан облысы Төлеби ауданының Екпінді ауылынан 5 шақырым жердегі «Біркөлік» тауына екі жасөспірім көтерілген. Алайда, таудың биік болуына байланысты жасөспірімдер төмен түсе алмай, «112» нөміріне хабарласқан.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, екі туристі қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен 8 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, тауға серуенге шыққандарға, абай болу керек екенін Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді.
Back to top button