Алматы экономикасы – тұрақтылық және өсудің көрінісі

Алматы экономикасы – тұрақтылық және өсудің көрінісі

Алматы экономикасы – тұрақтылық және өсудің көрінісі
ашық дереккөзі

Соңғы ғасырда әлемдегі өзге мемлекеттер секілді Қазақстанда да урбанизация үдерісі күшей­ді. Соның себебінен еліміздің қалаларында халық санының көбейгені белгілі. Оның ішінде Алматы қаласы тұрғындарының қатары молайып, аз уақыттың ішінде шаһар еліміздегі ең ірі мегаполиске айналды. Ресми статистиканың көрсетуінше, соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде қаланың жан саны бір миллионға артқан. Осыған орай тәуелсіздік кезеңінде Алматыны халыққа жайлы қала ету жолында атқарылған іс көп. Ал қала әкімшілігі пандемия жағдайын­да экономиканы дамытуға арналған түрлі жоспарларды іске асырып, қала тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың барлық шарасын жасап жатыр.

Пандемия басталғалы эко­но­миканың көптеген саласына ор­ны толмас шығын келіп, кейбір са­ла­лар тіпті тұралап қалғаны белгілі. Ол әсі­ресе қатаң карантин шаралары жүр­гізілген кезде байқалды. Дегенмен өт­кен жылдың көктемінен бері Алматы қа­ласы әкімдігі тарапынан қолға алын­ған жоспарлы жұмыстардың көзделген мер­зімде орындалуының арқасында қа­ла экономикасында айтарлықтай өсім бар. Жақында Мемлекет басшы­сы­ның төрағалығымен Қазақ­стан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп, жиында жарты жылдың қоры­тын­дысы бойынша әлеуметтік-эко­но­ми­калық даму көрсеткіші пысықталған бо­латын. Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат – экономиканы өркендету және халық­тың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу шараларына қарамастан, ел эко­номикасы жарты жыл ішінде 2,2 пайыз­ға өсті. Бұл – қуантарлық жайт. Был­тыр пандемияның салдарынан ішкі жал­пы өнім 2,6 пайызға төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз ке­рек», – деген еді. Алматыда сақталып отырған сын-қа­­терлерге қарамастан, оң үрдістерді одан әрі дамыту үшін мегаполисті әлеу­меттік-экономикалық дамыту жө­нін­дегі міндеттерді орындау бойынша Мем­­лекет басшысы қойған талаптар үде­­сінен шығып отыр. Бұл орайда Алма­ты қаласы әкімшілігінің пәрменді ша­ралар қабылдауы биылғы жарты жыл­дың қорытындысында жалғасып жат­қан індет жағдайында да қала эко­номикасындағы оң өзгерістерге сеп бол­ды. 2021 жылдың алғашқы жарты­сы­ның қорытындысы бойынша Ал­матыдағы макроэкономикалық жағ­дай тұрақты екенін көрсетті. Қала эко­номикасының барлық негізгі са­лалары тұрақты және өсу бар. Нақты де­ректерге сүйенсек, Алматыда жыл ба­сынан бері өнеркәсіп – 19,8 пайызға, құрылыс – 24,1 пайызға, байланыс қыз­меттері – 13,7 пайызға, сауда 6,6 пайыз­ға өскен. Ал тұрғын үйді пайдалануға беру 4,9 пайызға өсіп, 1 млн (1003,4) шар­шы метрден астам тұрғын үй пай­далануға берілген. Жыл соңына дейін және 2 млн 604 мың шаршы метрден аса тұрғын үй, соның ішінде мем­ле­кет­тік бюджет есебінен 248,5 мың шаршы метр немесе 3 266 пәтер салу жоспар­лан­ған. Инвестициялар өсімі 126,5 пайыз­ға (460,7 млрд теңге, қаңтар-мамыр – 355,4 млрд теңге) жетті. Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақ­­­паратқа сүйенсек, 2021-2025 жыл­дар­ға арналған 201 инвестициялық жо­ба негізінде 4,5 трлн теңге болатын 35,4 мың жұмыс орнын құрылуы тиіс. Ал 2021 жылы жалпы жобалық құны 314,5 млрд теңге болатын 10 мың жұ­мыс орнын ашатын 84 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып жатқан көрінеді. Бұл жақын жылдарда қала аумағында жұмыссыздықты барынша азайтып, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне зор пайдасын тигізбек. Халықтың әл-ауқатының өсіп, тұр­мысының жақсара түсуіне үлкен әсер ететін мәселенің бірі ‒ ба­ға­ның ырықтануы. Жөнсіз өсіп кететін баға тұрғындардың тұрмыс жағдайына кері әсер етіп қана қоймай, экономи­ка­ның өсуіне де қиындық тудырады. Сондықтан Алматы қаласында осындай проб­лемалардың алдын алып, әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­лары­ның бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюд­жеттен бөлінген қаражаттың кө­лемі 10 млрд теңгеге ұлғайтылды. Ба­­зар­ларда орташа нарықтық бағадан 5-40 пайыз төмен бағамен «әлеуметтік дү­кендер» ашылды, халықаралық коопе­рация және өңірлерден азық-тү­ліктерді жеткізумөлшері көбейтілді. Сондықтан азық-түлік саласындағы тұрақ­тылықты қамтамасыз ету үшін оның көлемі 73 мың тоннаға жеткі­зіл­гелі отыр. Бұл – өте дұрыс қадам. Өйт­кені азық-түлік тапшылығы болмаған кезде бағаның өсуіне негіз жоқ. Жұмыссыздықты барынша азай­ту барлық жерде маңыз­ды. Бұл жөнінен Алматы қаласы әкім­дігі жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын құруды негізгі мақ­саттың бірі санап, сол бойынша пәр­менді жұмыс жүргізіп жатыр. Соның ай­қын дәлелі – қалада алты айда 38,5 мың­нан астам жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 15 952 орын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ашылған. Мұны алдағы уақытта да жалғастырып, жыл­дың соңына дейін 51,2 мыңнан ас­там жұмыс орны ашылмақ. Бұл шара­лар өз нәтижесін беріп, қалада жұмыс­сыздық деңгейі бірінші тоқсанда 0,1%-ға төмендеген. Қала басшылығының қада­ғалауымен жоспарланған барлық әлеу­меттік міндеттемелер толығымен орындалып жатыр. Бұдан тысқары қол­дау шараларымен 124 мыңға жуық аз қамтылған азаматтар, көпбалалы ана­лар, мүгедектер қамтылған. Сондай-ақ, биыл маусымында Алматыда әлеу­мет­тік қызмет көрсету үйі ашылды. Онда бір­неше мемлекеттік мекеме­лер­дің 776 қыз­мет түрі көрсетіледі. 2021 жылға арналған жергілікті бюд­жет, негізінен, әлеуметтік са­лаға бағдарланған. Оның 40 пайыз­дан астамы білім беру, денсаулық сақ­тау, әлеуметтік қамтамасыз ету және спорт салаларына арналған. Демек, Ал­маты қаласы басшылығы әлеуметтік са­лаға барынша көп көңіл бөліп отыр деген сөз. Шағын және орта бизнес (ШОБ) экономиканы дамы­ту­дың және халықты жұмыспен қам­тамасыз етудің маңызды бір тетігі. Де­мек, бизнестің іскерлік белсенділігін сақтау мемлекеттік және өңірлік бағ­дарламаларды белсенді іске асыру ар­қылы шешіледі. Алматыда шағын және орта бизнесті қолдау «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Алматы Бизнес» сияқты бағдарламалар табысты түрде жүзеге асып жатыр. ШОБ-ты дамыту іскерлік сала­сы өкілдері тарапынан ұсы­ны­латын жобалардың қолдау табуына тіке­лей байланысты десек, Алматыда жыл басынан бері жалпы мөлшері 86 млрд теңге болатын мыңнан аса жоба қабылданды. Қала өнеркәсібінің болашағы ин­дустриялық аймақтың да­муы­на байланысты десек, ол да ерекше ескерілетін мәселе. Сондықтың осы жыл­дың соңына дейін құны 37,8 млрд тең­ге тұратын тағы жеті жоба іске қо­сылып, 658 жұмыс орны ашылмақ. Шағын кәсіпорындар үшін ин­дустриялық аймақтың аума­ғында шағын өнеркәсіптік парктер, өндірістік үй-жайлар салынуы қажет. Биыл жалпы көлемі 18,5 мың шаршы метр болатын, 500 жұмыс орны бар 3 ша­ғын паркті іске қосу жоспарда бар. Ал «Алатау» инновациялық техно­ло­гия­­лар паркі» арнайы экономикалық ай­мағында биылғы жарты жыл 8 жоба бойынша өндірістік алаңдарды жо­балау басталды. Инвестициялардың жал­пы көлемі 44,5 млрд теңге болып, екі мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Ол аспап жасау саласындағы төрт, фар­мацевтикада төрт жобадан тұрады. Алматы қаласы аумағында әлеу­мет­тік инфрақұрылым жасау ісі қашанда ерек­ше назарда. 12,6 мың орынға ар­нал­ған 8 мемлекеттік мектеп, 1,7 мың орынға арналған 6 және жекеменшік мектеп, 8 263 орынға арналған 17 жап­сарлас құрылыстың, сондай-ақ 4 оқу ор­нына сейсмикалық жағынан кү­шейту жүргізілуі – соның айғағы. Өсіп бара жатқан қалада мек­теп­ке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын болдырмау оңай жұмыс емес, бірақ Алматы қаласы аумағында бұл ретімен шешімін тауып келе жат­қанын айтуымыз керек. Мәселен, осы проблеманы оңтайлы шешу үшін осы кезге дейін жаңадан 3 балабақша іске қосылса, 2021 жылдың аяғына дейін және 640 орындық 4 мемлекеттік бала­бақша салынбақ. Жыл соңына дейін Жетісу, Алатау, Медеу және Түрксіб аудан­дарында 6 денешынықтыру-сауық­тыру кешені салынады. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында теннис орта­лы­ғы іске қосылса, одан басқа тағы 5 ірі спорт нысанының құрылысы жүріп жа­тыр. Мұның бәрі тұрғындарды спорт­тық инфрақұрылыммен қамта­ма­сыз ету үшін жүргізіліп жатқан жұ­мыс. Балалардың денсаулығын сақтау да аса маңызды сала, сондықтан осы жылы балаларға шұғыл меди­ци­на­лық көмек көрсету орталығына арнал­ған операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын, сондай-ақ жедел әлеуметтік көмек пунктін салу жос­парланған. Сонымен бірге төрт от­­­басылық-дәрігерлік амбулатория құры­лысын жүргізу жоспарда бар. Алматыдағы ең өзекті мәселенің бірі – халықты тұрғын үймен қамту. Бұл мәселеде де қала басшылығы көп­те­ген жобаны ретімен жүзеге асырып жа­тыр. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдар­ла­масы бойынша «Шаңырақ» пилоттық жо­басы іске қосылды. Соның арқасын­да биыл 872 алматылық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Өткен жылдан бас­тап жыл сайын 1 000 жас отбасын бас­панамен қамтуға арналған «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша тұр­ғын үйді бөлу тәсілдері қайта қаралды. Солайша, биылғы жарты жылда 435 отбасының өз баспанасына қолы жетті. Қала басшылығы тарапынан ха­лықты баспаналы етудің өзге де жолдары қарастырылған. Соның бірі – ескі үйді немесе пәтерді бұзу және жаңа­ларын салуды көздейтін Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасының қа­былдануы. Бағдарлама жаңғыртуға, жөндеуге жататын пәтер иелерінің құқықтарына кепілдік бере отырып, жа­салуы тиіс жұмысты келісімімен жү­зеге асыруға бағытталған. Бұл жөн­деу жобасының толық іске асуы 5 жыл­ға есептелген. Аталған жоба бойын­ша 708 ескі үй (немесе 6 637 пәтер) орнына жаңа тұрғын үй салынуы көзделген. Осылайша қала аумағында халықты тұрғын үймен қамту мәселесі түрлі жобалар арқылы оңтайлы шешілмек. Халқы көп қалаларда туындауы мүмкін түрлі проблемалардың алдын алу мен пайда болған мәселе­лерге қатысты пайдалы шешім қабыл­дау оңай емес. Бірақ Алматы қаласының әкімдігі өз тұрғындарын барынша жай­лы өмір сүру деңгейіне жеткізу жо­лында табысты жұмыс істеп жатыр.

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ