Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Павлодардың бұрынғы әкімі Ержан Иманслям Павлодар ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ержан Иманислям 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастаған. Техникумды аяқтаған соң Ержан Иманслям Қашыр кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеген. Шекара әскерлеріндегі қызметтен кейін Павлодардағы "Энергожилстрой 1" құрылыс басқармасының монтажшысы болды. 1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Иманслям Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратурасында түрлі лауазымдарды атқарды. Содан кейін жеке заң практикасымен айналысты, ал 2005 жылдан 2008 жылға дейін Қашыр ауданының әкімдігінде жұмыс істеді, оның ішінде әкім аппаратын басқарды. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Ержан Иманслям Ақсу әкімдігінде жұмыс істеді, қала әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Иманслям Павлодар әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар әкімінің орынбасары болды. 2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеді, сондай-ақ Тайынша ауданының әкімі болды. 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) лауазымдарды атқарды, оның ішінде ИИДМ машина жасау басқармасын басқарды. 2020 жылдың шілде айында Павлодар қаласының басшысы болып тағайындалды.