Андрей Голубев: Шындығына келгенде, қазақ тілін үйрену аса қиын емес

– Шындығына келгенде, қазақ тілін үйрену аса қиын емес. Мысалы, қазір Германияда неміс тілін үйрену қиынға соғып жатыр. Ал қазақ тілінде тәуелдеу, септеуді енді үйреніп жатырмын, дейді Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі, Олимпиада жолдамасының иегері Андрей Голубев Prosports.kz-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар, спортшы Олимпиадаға қалай дайындалып жатқаны туралы да әңгімелеп берген екен.

Қазір Гамбургтемін. Жапония билігінің нұсқауы бойынша құжаттарды реттеп, коронавирусқа тест тапсырдық. Алдағы күні үйге қайтып, сосын Токиоға жол тартамын. Түрлі турнирлерге қатысып дайындалып жатырмын. Кукушкиннің дайындығы бөлек, әрине. Дегенмен Олимпиада қатардағы жарыстардан аса ерекшелігі жоқ қой. Сол қатысып жүрген теннисшілер келеді.  Жапония билігі карантин шараларын күн сайын өзгертіп жатыр. Вирус жұқтырғаныңды білсе, екі аптаға карантинге жабады. Бабыңды жоғалтып, тіпті, жарыстан шет қалуың мүмкін. Бұл – спортшылар үшін үлкен соққы, дейді Андрей Голубев.

Back to top button