2,2 миллион теңге пара алған Қазатомөнеркәсіп қызметкері ұсталды

2,2 миллион теңге пара алған Қазатомөнеркәсіп қызметкері ұсталды

2,2 миллион теңге пара алған Қазатомөнеркәсіп қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі

Пара алған «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хатшысы хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады. Аталған лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша әрі қарай аудару үшін ақша қаражатын алған. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.