Павлодарда екпе алған тағы бір адам 1 млн теңге ұтып алды

Павлодарда екпе алған тағы бір адам 1 млн теңге ұтып алды

Павлодарда екпе алған тағы бір адам 1 млн теңге ұтып алды
ашық дереккөзі
12-18 шілде аралығында коронавирусқа қарсы екпе алғандардың арасында жарияланған конкурстың қорытындысы шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Жеңімпазды кәсіпкер Жәмиля Эрназарова өзінің Instagram парақашасында тікелей эфирде анықтады. «Бұл жолы 1 млн теңге ұтыстың жеңімпазы ретінде Белоконь Иван Петрович шықты. Ереже бойынша жеңімпаз 15-20 минуттың ішінде Жеңіс алаңы, 25 мекенжайы бойынша орналасқан «Алтын» бизнес орталығына жету керек болды. Ұтысқа барлығы бес мыңнан астам адам қатысты», - деді Жәмиля Эрназарова тікелей эфир барысында. Алайда алғашқы жеңімпазға үш рет қоңырау шалғанмен, ер адам бүгін келе алмайтынын айтты. Осылайша 1 млн теңге "Крендель" ЖШС-де жұмыс істейтін 22 жастағы кондитер Помазкина Марина Юрьевнаға бұйырды. Ол «Спутник» вакцинасының бірінші компонентін 16 шілде күні алған. «Бұл мен үшін күтпеген жайт болды. Жұмыс істеп жатқан едім. Мұндай сыйлық үшін рахмет», - деп қала тұрғыны алғыс білдірді. Ақшалай сыйлық берілетін ойынға вакцинаның бірінші компонентін қабылдағандар қатысты. Олар Almaz Medical Group, №1, №3, №4, №5 емханаларда, «Батырмол» сауда орны немесе теміржол емханасында коронавирустан екпе алды. Аталған мекемелерде екпе кабинеттері жанында арнайы қораптар орнатылды. Екпе қабылдаған тұрғындар анықтамаларын көрсетіп, арнайы анкетаны қорапқа тастау керек болды.