АҚШ-та вакцина алмағандар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді

АҚШ-та вакцина алмағандар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді

АҚШ-та вакцина алмағандар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді
ашық дереккөзі

АҚШ-та өлім жағдайларымен бірген COVID-19 жұқтыру көрсеткіші артты. Жаңа Дельта штамын жұқтырушылар санының көбеюі пандемияның жаңа толқынын туғызды, бұл вакциналанбаған адамдар арасында жиі кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка дауысы жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Вакцинация деңгейі ең төмен төрт штатта өткен аптада 40% инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген. Алайда ауруға шалдығушылар санының артуы барлық 50 штатта байқалады. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры, доктор Рошель Валенски жұма күні өткен аптада АҚШ-та күн сайын орта есеппен 26 000 жаңа коронавирус жағдайы тіркелгенін айтты. Оның айтуынша, эпидемия «вакциналанбаған адамдар арасындағы пандемияға» айналды. Кейін жұмада президент Джо Байден «біздегі пандемия - вакцинацияланбаған адамдар арасындағы пандемия» екенін растады. Джонс Хопкинс университетінің коронавирус бойынша орталығының сенбі күнгі мәліметіне сенсек, әлемде COVID-19-дан 4 миллионнан астам өлім жағдайы тіркелген. Зерттеушілердің деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап әлем бойынша жаңа коронавирусқа шалдығудың 189 миллионнан астам жағдайы тіркелген.