Хакухо: Мен бұл башёдағы жеңісімді Тәңірдің құзырына қайтқан әкеме арнаймын

Бүгін нагоя башёның (шілде чемпионатының) финалы. Бұл  башёда ёкузона (чемпион) Хакухо (М.Даваажаргал) 14:0, озеки (арыстан) Тэрунофужи (Г.Ган-Эрдэнэ) 14:0  жеңісімен көш бастап тұр. Бүгінгі кездесу жеңімпаздың кім болатынын анықтайды. Және бұл башёда жеңімпаз болған сумо балуаны Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада жалауын көтеріп шығады.

Осыған орай, сумо күресінің хас шебері, 44 рет императордың кубогын жеңіп алған Хакухо (моңғол балуаны М.Даваажаргал) Жапонияның NHK телеарнасына берген сұхбатында:

– Жарақатыма байланысты алты башёға қатыса алмадым. Биыл екі рет тіземе ота жасаттым. Тізедегі ауыр жарақат жақсармады, күн сайын тіземе сарысу жиналып қалды. Көп емделдім. Сондықтан күн сайын жарты кесе шарап ішіп отырдым. Шындығында 15 жылда 44 рет императордың кубогын жеңіп алғаннан кейін, менде қайтадан жеңіске деген жігер және дохёға шығуға деген құлшыныс азайған еді. Бұл жолы тек бір ғана мақсатпен күрестім. Ол – Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада жалауын көтеру еді.

Үлкен спортпен осылай армансыз қоштасқым келеді. Мен бұл сайысты жылдар бойы асыға күттім. Сонымен жарақат алғаныма қарамастан сайысқа шықтым. Алда олимпиада айы. Менің әкем моңғолдың даңқты балуаны Ж.Мөнхбат кезінде 1968 жылы Мехико Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған және 1964 жылы Токио Олимпиадасында Моңғолия туын алғаш көтеріп шыққан еді. Әкем Олимпиадаға қатысып, Моңғолия туын Олимпиада аспанында көтерді.

Мен Олимпиадаға қатысқам жоқ. Бірақ Олимпиада туын көтеру – мен үшін Олимпиадаға қатысқанмен бірдей, –  деді ол.

220283365 530554925031537 7807275946914570080 n

Бүкіл әлемге өз елін танытып жүрген Хакухо бүгінгі басты қарсыласы озеки Тэрунофужиге де сәттілік тілейтінін жеткізді.

«Менің жолым – үлкен жол, сәттілік жолы. Бірақ сәттілік көп еңбек еткендерге ғана болады», – деді  ол сөз соңында.

hakuho lutador de sumo 3

 

Back to top button