Қазақстан криптовалютадағы үлесі бойынша әлемде үшінші орынды иеленді

Қазақстан криптовалютадағы үлесі бойынша әлемде үшінші орынды иеленді

Қазақстан криптовалютадағы үлесі бойынша әлемде үшінші орынды иеленді
ашық дереккөзі
2019 жылдың қыркүйегінен бастап әлемдік биткоин өндірісінде Қазақстанның үлесі алты есеге өсті, бұл − әлемдегі үшінші ірі криптовалюта өндірушіге  айналды деген сөз. Forbes.ru сарапшысы Сергей Мингазовтың пікірінше, Қазақстанның позициясының жақсаруының басты себебі «осы кезеңде Қытайдың үлесі шамамен 30% төмендегендіктен» екен. Әлемдік криптоиндустриядағы мұндай өзгерістерді Кембридж университетінің баламалы қаржы орталығының CNBC жариялаған зерттеуі көрсетті. Зерттеуге сәйкес, Қытай 2021 жылдың сәуірінде Bitcoin өндірісіне жұмсалған қуаттың жартысынан азын (46 пайыз) құраған. 2019 жылдың қыркүйегінде майнингте (криптовалюта платформаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жаңа құрылымдарды құру) елдің үлесі 75,5 пайызды  құрады, яғни 29,5 пайызға төмендеді. Осы кезеңде Қазақстан өз үлесін алты есеге − 1,4 пайыздан 8,2 пайызға дейін арттырды. Қазақстан криптовалюта өндірісінің үшінші ірі ойыншысына айналды. Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары үлесін 4,1 пайыздан 16,8 пайызға дейін арттырып, әлемде екінші орынға ие болды. Ресей мен Иран биткоин өндіруден төртінші және бесінші орынға тұрақтады. Қытай 2021 жылы маусымда крипто-валюта өндірушілеріне қарсы қатаң шараларды енгізді. Қытайдағы тау-кен өндірісінің көп бөлігі экологиялық тұрғыдан ең қауіпті көмірмен жұмыс істейтін энергияға негізделген. Ал Майнерлер (майнер – орталықтандырылмаған банк. Олар жүйені жұмыс қалпында ұстайды, транзакцияларды верификациялайды. Майнер болмаса басқа адамға қаржы жіберілмейді) Қытайдан көрші Қазақстанға крипто-индустрияны қудалау басталғанға дейін өте бастаған. Салыстыру үшін айта кетейік, қазір 1 биткойн - 13 530 075,50 теңгеге тең!