Атырауда ер адам орталық көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады

17 шілде, 2021 / Гафура Асқарқызы
ашық дереккөзі
Атырауда ер адам орталық көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады 16 шілде күні сағат 22:45-те Атырау облысы полиция департаментіне 30-35 жас шамасындағы ер адам көпірден Жайық өзеніне секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы кезекші бөлімшеге хабарлама түсті. Бұл туралы azh.kz сайты хабарлады. ТЖД сүңгуірлері денесін судан шығарып алды. Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.