Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Кәсіпорын таратқан мәлімпетке сенсек, 17-19 шілде аралығында таулы жерлерде жаңбыр жауады. «Осыған байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейде ағын қалыптасады және өзендерде су деңгейі көтеріледі» делінген хабарламада. Айта кетейік, 14 шілде күні Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрген болатын. «Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ жауып, салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. Күн райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын ауа райындағы өзгерістерді бақылап, сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.