Қытайдағы қазақтар әлемдегі ең үлкен киіз үйді тікті
Қытайдағы қазақтар әлемдегі ең үлкен киіз үйді тікті
Алып киіз үйді Шыңжаңның Мори ауданында тұратын қазақтар жасаған. Киіз үйдің жалпы диаметрі 1175 м², биіктігі 18,5 метр, күлдіреуіштен басқұрға дейін 13,5 метр. Керегесінің биіктігі 5 метр, уықтың ұзындығы 6 метр алып ақ орданың шаңырағының диаметрі 8,5 метр, - деп жазады bnews.kz сайты.
Ал, киіз үйдің төріне салынған сырмақтың диаметрі 32 метр, айналма ұзындығы 101 метр, жалпы көлемі 803,8 м². Оған 2000 адам малдас құрып отыруға болады екен.
«Меруерт» кестешілік коперативі шебері жааған үй мен оған жайылған алып сырмақты тігуге қажетті материалдар үшін 5 млн юаннан (шамамен 850 мың АҚШ доллары) аса қаражат жұмсалған. «Меруерт» кестешілік коперативінің басшысы Азат Әбейұлының айтуынша, тек сырмақты тігуге 32 адам 3 ай уақыт жұмсаған.