ШҚО-да балалар үйінен қашып кеткен үш бала бұзылған үйден табылды

ШҚО-да балалар үйінен қашып кеткен үш бала бұзылған үйден табылды

ШҚО-да балалар үйінен қашып кеткен үш бала бұзылған үйден табылды
ашық дереккөзі

ШҚО-да балалар үйінен қашып кеткен үш бала бұзылған үйден табылды.

14 шілде күні "Үміт" балалар үйінің кәмелетке толмаған үш тәрбиеленушісі Төменгі Тайынты ауылындағы жазғы сауықтыру лагерінің аумағынан қашып кеткен болатын, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. Полицияға балалар үйінің директорынан өтініш түсті. Балаларды іздеуге Ұлан АПБ жеке құрамы, ТЖ қызметкерлері, Асубұлақ ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды. 16 шілдеде патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Өскемен-Самар тас жолында Тарғын ауылындағы бұзылған үйден үш жасөспірімді байқаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.