Нұр-Сұлтан тұрғыны дәріханада хәлі нашарлаған адамның телефонын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан тұрғыны дәріханада хәлі нашарлаған адамның телефонын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан тұрғыны дәріханада хәлі нашарлаған адамның телефонын ұрлап кеткен
ашық дереккөзі

Бұған дейін сотталған 31 жастағы елорда тұрғынын криминалдық полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу кезінде хәлі нашарлап еденге құлаған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанда, күдікті жағдайды пайдаланып, ер адамға тиесілі құны 100 мың теңге тұратын "Samsung" маркалы телефонды ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткені анықталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.