28 миллионға жөндеуден өткен Құнанбай әулетінің қорымын жел қиратып кеткен

28 миллионға жөндеуден өткен Құнанбай әулетінің қорымын жел қиратып кеткен

28 миллионға жөндеуден өткен Құнанбай әулетінің қорымын жел қиратып кеткен
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқыда орналасқан нысан 2019 жылдың күзінде ғана жөндеуден өткен еді. Ол үшін қазынадан 28 млн теңге бөлінген. Тасы мүжіліп, елеусіз қалған ұлы Абайдың әкесі Құнанбайдың қорымы қайтадан жаңартылған болатын.

Енді міне бір соққан желге шыдас бермей, қорымның аумағындағы демалушыларға арналған шатырлы ағаш қисайып, Құнанбай қажы туралы жазылған мәрмәр тас ортасынан қақ бөлініп кеткен. Тарихи маңызы бар ескерткіштердің тізіміне енгізілген нысан 2019 жылдың 19 наурызынан бастап, Абай ауданының Мәдениет үйінің балансына берілген екен. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. [caption id="attachment_151073" align="alignnone" width="777"] width= "Еуразия" арнасы[/caption]
Мердігер компания келіп, құлаған мәрмәр қоршауды жөндеді. Екі мәрмәр тасты жөндеуге алып кетті. Енді апарып қайтадан орнына апарып қоямыз деп отыр. Енді екі беседканы да жөндетіп беруді мойнына алып тұр, - дейді Абай ауданы Ақшоқыдағы Құнанбай музейінің меңгерушісі Әділет Нұрғали.