Ақмола облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

Ақмола облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

Ақмола облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр
ашық дереккөзі

Ақмола облысында мал індеттен қырылып жатыр. Қазірдің өзінде 10 сиыр өлген. Тағы 500-дейі індет жұқтырған. Мал кеселі Ақкөл ауданындағы Азат, Новомарковка, Искра, Минское ауылдары мен Степногор іргесіндегі Қарабұлақ елді мекендерінде тіркелген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Даладан келді оп-оңды боп келді, таңертең шығарайын десем, шайқатылып жүре алмай қалды, бірақ мен оған қарамай шығарып жібердім, өзі жүргісі келмей тұрған шығар деп ойладым, ал кешке қарай  сүйектері көрініп, бірден арықтап қалды. Аузынан көбік ағып жатыр, дейді ауыл тұрғыны Алтынай Рахымжанова. Енесі өлген бұзауды өртеп, өзімізше жер қазып, соған өртедік енді, басқасына жұқпасын деп. Ал қандай ауру екенін ол жағын білмедік, дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Айсаханов.
Ауылдағы ағайын да, мал дәрігерлері де бір айдан бері сиырларды сұлатып жатқан қандай дерт екенін анықтай алмай отыр. Сынаманы алып бас қалаға жібергелі біраз болды дейді. Бірақ, жауап әлі келмеген. Білгенінше, әлі келгенінше, мал дәрігерлері өздері күресіп жатыр. 40 жылдан бері осындай індетті бірінші рет көріп тұрмын. Үкіметтен кішкене көмек болса, әрі болса бізге, бірінші көмек көрсететін, біздің қолымызда ештеңе жоқ. Ешқандай дәрі жоқ, ешқандай антибиотик жоқ, індетке ұшыраған күні қайда барарымызды білмедік. Қаланың сенбі жексенбі бүкіл аптекасы жабық. Жұмыс күні көкшетаудан алдырып, қазір мал емделіп жатыр, жақсы, дейді Олжатай Фазылов, мал дәрігері. Төрт түлікпен ғана күн көріп отырғаен тұрғындар алаңдаулы. Өйткені бір екпенің құны - 2500 тг. Тұрақты табысы жоқ шаруаның қалтасына кәдімгідей салмақ түсіріп жатыр. Ендігі үміті - Үкіметте дейді тұрғындар.