«Ешқашан ұнаған емес»: Димаш Құдайберген шоу-бизнеске көзқарасын айтты

«Ешқашан ұнаған емес»: Димаш Құдайберген шоу-бизнеске көзқарасын айтты

«Ешқашан ұнаған емес»: Димаш Құдайберген шоу-бизнеске көзқарасын айтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шоу-бизнеске деген көзқарасымен бөлісті. Жақында "Славян базары" мерейтойлық фестивалінің ашылуына орай Витебск қаласында өткен баспасөз мәслихатында журналистер әншіге шоу-бизнеске қатысты сұрақ қойды ұрады , - деп жазды DimashNews. 2015 жылы "Славян базарында" Димаштан алғаш сұхбат алған журналист Тамара Вятская "6 жыл ішінде шоу-бизнеске көзқарасың өзгерді ме? деп сұрады. Димаш табиғаты жағынан өзін шоу-бизнес өкілі емес, шығармашылық адамы санайтынын айтты.

"Шынымды айтсам, маған шоу-бизнес ешқашан ұнаған емес. Бірақ музыканы шексіз сүйемін. Қазіргі әлемде бірі екіншісіз өмір сүре алмайды, сондықтан шоу-бизнеске етім үйренді", – деп жауап берді әнші.