Көшелерге асфальт төселіп, көпір қалпына келтірілді

Көшелерге асфальт төселіп, көпір қалпына келтірілді

Көшелерге асфальт төселіп, көпір қалпына келтірілді
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалына аудан тұрғындары жолдардың тозығы жеткенін айтып, асфальт төсеуге және Сарыағаш аудандық филиалына Жібек жолы ауылы тұрғындары Ханым каналынан үстінен  өтетін көпірдің екі жанын су шайып, жарамсыз күйге келтіргенін айтып, көпірді жөндеу мәселесі бойынша көмек сұрап келген.

Тұрғындардың мәселелерімен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ильясов Ғалымжан толыққанды танысып, мердігер мекеме «Текспром» ЖШС-і Тұрдыабад тұрғын алабы, Н.Ризаев  көшесінің жолына асфальт төселінетін болды, ал Сарыағаш аудандық филиалы Жібек жолы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен А.Ерназаров көшесіндегі көпірді жөндеу мәселесі бойынша, жеке кәсіпкер Ж.Лебаев және  ауыл жастарымен мәселені шешуді ақылдасып, көпірді жөндеу жұмыстары қолға алынып жүргізіліп жатыр. Қазір Тұрдыабад тұрғын алабының Н.Ризаев көшесінің жолына асфальт төселіп, тұрғындардың өтініші орындалды, ал жеке кәсіпкер Ж.Лебаев және ауыл жастарының игі істеріне ауыл тұрғындары алғыстарын білдірді.