Алматы облысында қызметін асыра пайдаланған 5 полицей сотталды

Алматы облысында қызметін асыра пайдаланған 5 полицей сотталды

Алматы облысында қызметін асыра пайдаланған 5 полицей сотталды
ашық дереккөзі
Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі деп танылған бұрынғы 5 полицейге қатысты айыптау үкімін шығарды. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот үкімі 2021 жылғы 28 маусымда шығарылған. Олар: 1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны (ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1), 4) тармақтары); 2) бірнеше рет қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алғаны (ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1), 2), 4)-тармақтарымен); 3) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны (361-баптың 1-бөлігі); 4) Көрiнеу заңсыз ұстап алғаны, күзетпен қамауға алғаны немесе күзетпен ұстағаны (ҚР ҚК 414-бабының 1-бөлігі); 5) лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттері (ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағы), 3-бөлігі) үшін айып тағылды. Сот оларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды ескере отырып, сотталған адамның қылмыс жасауға қатысу рөліне, дәрежесіне қарай 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соттың бұл үкімімен келіспеген сотталушылар апелляциялық шағым түсірді.