Қонақүйге массаж жасауға келген әйел ер адамнан ірі көлемде ақша бопсалаған

Қонақүйге массаж жасауға келген әйел ер адамнан ірі көлемде ақша бопсалаған

Қонақүйге массаж жасауға келген әйел ер адамнан ірі көлемде ақша бопсалаған
ашық дереккөзі
Қонақүйде ер адамды бопсалаған түркістандық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оған облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде өзіне массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсеткен. Яғни, ол әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) тіркеуге алынған. Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 200 000 теңге алынды. Күдікке ілінген әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын  анықтап жатыр.