Ақтөбені көк түтін басты: ТЖД мән-жайды түсіндірді

Ақтөбені көк түтін басты: ТЖД мән-жайды түсіндірді

Ақтөбені көк түтін басты: ТЖД мән-жайды түсіндірді
ашық дереккөзі
Ақтөбеде қоқыс полигоны жанып, сөндіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полигон жұмысшылары тартылды. 15 шілде күні сағат 10:40-та полигонның жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 23 адам және 7 техника жіберілді. Сонымен бірге полигонға иелік ететін серіктестіктің 5 жұмысшысы мен 7 техника жұмылдырылды. «Өрт сағат 18:40-та тоқтатылып, сағат 22:30-да толық сөндірілді. Аумағы 700 шаршы метрді құрап отыр. Дәл осы кезде желдің бағыты өзгеріп, қаланың бірнеше ауданын түтін басты. Облыстық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын аса сақ болуға, терезелерді жауып қоюға шақырды», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Айта кетейік, ақтөбеліктердің көбі кеше үйден шықпай отырды. Қаланың негізгі бөлігін түтін басып, тұрғындар өз наразылығын әлеуметтік желі арқылы білдіріп жатыр.