Шетел азаматы Қазақстан шекарасынан алтын құймаларды заңсыз алып өтпек болды

Шетел азаматы Қазақстан шекарасынан алтын құймаларды заңсыз алып өтпек болды

Шетел азаматы Қазақстан шекарасынан алтын құймаларды заңсыз алып өтпек болды
ашық дереккөзі
Шекарашылар «Қайрақ» (Қостанай облысы) автокөлік өткізу пунктінде техникалық тексеру құралдарын пайдалана отырып, РФ аумағына бағыт алған «В» есімді Ресей азаматынан автокөлігінің шанағына жасырған жалпы салмағы 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы тапты. Ұсталған адам және контрабандалық жүк Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тексеру үшін тапсырылды. Соңғы аптада «Қайрақ» өткізу пункті арқылы қолдан құйылған алтын құймаларын алып шығу әрекеттерінің бұл екінші жағдайы. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2021 жылдың 8 шілдесінде 325 грамм алтынның экспортына жол берілмеді.