Ресейліктер ит пен мысығына дейін вакцина салдыра бастады

Ресейде иттер мен мысықтарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Киров облысына жануарларға екпе егу үшін «Карнивак-Ков» препаратының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл туралы осы өңірдің ветеринария басқармасының сайтында жарияланды.

Ресми орган таратқан ақпаратқа сенсек, «Карнивак-Ков» – бұл Ковид-19-ға қарсы жануарларға арналған әлемдегі алғашқы әрі жалғыз вакцина. Екпені ойлап тапқан осы елдің Жануарлар денсаулығын қорғау федералды орталығы. Енді ресейліктер аңдарды үш айынан, иттер мен мысықтарды алты айынан бастап екі рет вакцинациялайды. Ал ревакциналау әр жарты жыл сайын өтеді.

Back to top button