Мевлют ЧАВУШОҒЛУ: Терроризм - адамзатқа төніп тұрған зор қауіп

Мевлют ЧАВУШОҒЛУ: Терроризм - адамзатқа төніп тұрған зор қауіп

Мевлют ЧАВУШОҒЛУ: Терроризм - адамзатқа төніп тұрған зор қауіп
ашық дереккөзі

Халықаралық қауымдастық терроризмнің барлық түрі мен көрінісін айыптайтынын және терроризммен күресте табанды екенін жиі-жиі айтып жүр.

Бұл ұстаным орынды, себебі терроризм барша адамзаттың ортақ қауіпсіздігіне, әлеуетіне, құндылықтарына және жарқын болашағына деген үмітіне үлкен қауіп төндіріп келеді.

Терроризм феномені соңғы жылдары трансформацияға ұшырады. Бұл үдеріс тетеррористік ұйымдардың мақсаты мен құралдары кеңейіп, олардың әрекеттері жаңа өлшемдерге ие болды. Лаңкестік ұйымдар өздерін әлеуметтік, экономикалық және технологиялық прогресспен тез дамып келе жатқан халықаралық ортаға бейімдеуге тырысуда. Кейбір лаңкестік топтар айқын көрінбейді және арам пиғылмен ойластырылған насихаттау құралдарының артында жасырынып келеді. Бұл жағдай біздің терроризммен күрестегі жаһандық стратегиямызды қайта қарауды қажет етеді. Терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу үшін жаңа буын - террористік ұйымдар жайлы жан-жақты ақпарат алып, хабардар болуы керек, жаңа көзқарасқа ие болғаны жөн, сондай-ақ осы бағытта халықаралық қоғамдастықтың күшті саяси ерік-жігері болуы қажет.

Терроризмнің жаңа қаупі алдында, қалыптасқан болжамдарды қайта қарау арқылы стереотиптерді бұзатын кез келді. Жаңа форматтағы лаңкестік ұйымФетуллахшы террористік ұйымы (FETO) және Түркияның оған қарсы күресі осының жарқын мысалы.

Түркия 2016 жылдың 15 шілдесінде FETO-ның қатыгез төңкеріс әрекетіне тап болды. Мемлекеттік органдарға енген құпия террористік ұйым демократияны құлатуға және демократиялық жолмен сайланған үкіметті қару қолданып төңкеруге тырысты. Сол қараңғы түнде FETO-ның лаңкестік әрекеттері біздің 251 азаматымыздың өліміне және 2000-нан астам азаматымыздың жарақат алуына себеп болды. Халық еркіндігінің нышаны саналатын Мәжілісіміз және Президент әкімшілігінен бастап бірқатар мемлекеттік институттар танкілер, әскери ұшақтар және тікұшақтармен жасалған ауыр шабуылдарға ұшырады.

FETO мүшелері сол түні түрік ұлтына қарсы қалай осыншалық қатыгез бола алды? Сайланған үкімет пен заңды конституциялыққұрылымға қарсы қалай осыншалық жау болды? Бұл сұрақтарға беретін жауабымыз - кейбір елдерде тиімді жұмыс істейтін осы өте қауіпті ұйымның пайда болуы мен құрылымына қатысты ишара беруі мүмкін.

Бұл арамза ұйымның мүшелері Түркия мен өзге де елдердегі мектептер, тіл орталықтары немесе жатақханалар деп аталатын оқу орындарында ең қасиетті ұлттық және рухани құндылықтарды теріс пайдалану арқылы, идеологиялық тәрбиеге және миды жууға тырысты. Олардың дүниетанымы «Ғалам имамы» деп жарияланған FETO жетекшісі Фетуллах Гүленнің айналасында жасалған жалған даналық миф негізінде қалыптасқан. Ұйымдағы қисық иерархия оның бұйрықтарын абсолютті шындық ретінде қарастыруды қажет етеді және бұл бұйрықтар демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарына қайшы келсе де оларға күмән келтіруге болмайды. FETO өзіне деген адалдықты қамтамасыз ету үшін жастарды адастырғаны соншалық, олар кейін өз достарынан, тіпті отбасыларынан алыстап кететін дәрежеге жеткен. Шын мәнінде, FETO-ға мүше төңкерісшілер қашықтан басқарылатын роботтар сияқты. 15 шілде түні бұйрық келгенде өздерінің әріптестері мен қарулас жолдастарына мылтық сілтеп, оларды өлтіруден тайынбады.

Ұйыммен байланысы бар адамдар өмір сүріп жатқан қоғамда өздерін басқа жандар ретінде көрсетіп, жасырынудың шебері. Ұйым азаматтық, әскери және қауіпсіздік ұйымдарын ерекше нысанаға алған. Осы құрылымның түпкі мақсаты - мемлекеттік институттарды басып алу.  

Төңкеріс әрекетінен бұрын Түркияның басынан кешкен тәжірибесі - FETO өзінің күнтәртібін алға жылжыту үшін қолдана алатын заңсыз әдістерге  толы. Бұған саясаткерлер мен шенеуніктерді бопсалау, өз мүшелерін мемлекеттік мекемелерге орналастыру үшін орталық емтихандарда жүйелі алдау әрекеттері, манипуляциялар, қарсыластарына қарсы сот ісін қозғау үшін ойдан шығарылған талап-арыздар жасау, сондай-ақ олардың БАҚ, бизнес, мектеп және үкіметтік емес ұйымдар желілерін пайдалану жатады.

FETO-ның бірінші айқын мақсаты - Түркия Республикасы. Осы себепті олар халықаралық қоғамдық пікірді Түркияға қарсы бағыттауға арналған жүйелі қара үгіт-насихат қызметімен айналысады. Алайда мен достық кеңесіммен бөліскім келеді: FETO тек Түркияға қауіп төндіреді деп ойлау үлкен жаңылыс болар еді. Ұйым орналасқан елдерде қолға алынатын қылмыстық тергеулер - қаржылық жемқорлықтан бастап, виза мен баспана сұрау кезіндегі