Енді… «Ashyq»-сыз жолың ашылмайды!

Ендігіден былай пандемияға байланысты азаматтарға деген талап бұрынғыдан да күшейе түспек!

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына сәйкес барлық аймақтарда «Ashyq» бағдарламасы іске асырылуда. Содан бері көптеген сауда, ойын-сауық орындары «Ashyq» бағдарламасына қосылып, келушілерді арнайы тексеруден өткізіп − яғни, QR кодты сканерлеу арқылы азаматтардың пандемияға байланысты статусын анықтап жатыр. Ол үшін смартфонға  «Ashyq» қосымшасын орнатып алу керек немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы да ғимараттарға кірер жерге орнатылған QR кодты сканерлеу арқылы өзіңнің «қауіпсіз адам» екеніңді көрсетуіңе болады.

Осы жылдың 19 шілдесінен бастап Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қызметкерлер мен келушілердің кіруі «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Кіре берісте сканерлеуді қажет ететін арнайы QR коды орнатылады («Ashyq» мобильді қосымшасы немесе «Kaspi.kz»). Ғимаратқа «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар келушілердің кіруіне рұқсат берілмейді.

Сондықтан бүгіннен бастап бұл талапты орындауға дайын бола бергендеріңіз жөн!

Back to top button