Елімізде коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцина тіркелді

Елімізде коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцина тіркелді

Елімізде коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцина тіркелді
ашық дереккөзі
Қазақстанда ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді, - деп хабарлады ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті. 2021 жылы 12 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді. «Спутник Лайт» Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы және ҚР Үкіметінің COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысы негізінде тіркелді.