Түркістаннан еліміздің 11 қаласына әуе рейсі ашылмақ

Түркістаннан еліміздің 11 қаласына әуе рейсі ашылмақ

Түркістаннан еліміздің 11 қаласына әуе рейсі ашылмақ
ашық дереккөзі
Азаматтық авиация комитеті Түркістаннан Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілгенін хабарлады.  Бұл конкурс Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асты. «Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары «CRJ2», «B-737», «Q400» әуе кемелерімен орындайтын болады», - делінген хабарламада. Алғашқы рейс биылғы 15 шілдеге жоспарланған, аталған бағыттар бойынша билет құны 16-25 мың теңгені арасында болады.