Әсел Айтпаеваның өлімі: Күдікті көз жұмды

Әсел Айтпаеваның өлімі: Күдікті көз жұмды

Әсел Айтпаеваның өлімі: Күдікті көз жұмды
ашық дереккөзі

26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған грузиялық Бесик Тордуа қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күдікті ауруханада қайтыс болған, өлімнің нақты себебі әлі белгісіз. Адвокат Лаша Шукакидзенің айтуынша, оның қорғаушысы бір апта бұрын түзеу мекемесінен ауруханаға ауыстырылған. Қорғаушы айыпталушымен кездескісі келгенде, оған Тордуаның ес-түссіз жатқанын айтқан. – Дәрігерлер маған Тордуаның басы көгеріп, қан ұйып қалғанын айтты, – дейді Лаша Шукакидзе.
Қазақстандық бойжеткеннің отбасы келтірген адам саудасы дәйегіне сүйенсек, Әсел үйінде тұрып жатқан туысы оны сатып жіберген.
Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның туысқан апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қызды балағаттап, қорлап жатқаны естіледі. Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, оған зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша айып тағылды. Оған 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Сонымен қатар, марқұмның туысы Мұрат Мейірбековке де сырттай айып тағылды. Кейін ол Қазақстанда ұсталды.