Жемқорлық: «Қазақстан темір жолының» департамент директоры ұсталды

Жемқорлық: «Қазақстан темір жолының» департамент директоры ұсталды

Жемқорлық: «Қазақстан темір жолының» департамент директоры ұсталды
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген іс-шараларының нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Жол және құрылыс департаментінің директоры ұсталды. «Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алып отырған. Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлі екені туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды», – делінген хабарламада. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.