Маңғыстау халқы төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр

Маңғыстау халқы төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр

Маңғыстау халқы төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр
ашық дереккөзі

Маңғыстаулық шаруалар да өңірде төтенше жағдай жариялануын талап етіп отыр.

Аймаққа арнайы іс сапармен келген Ауыл шаруашылығы минстрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Жергілікті билік те, минстрлік өкілі де бұл мәселені басы ашық күйінде қалдырды деп хабарлайды «Еуразия» арнасы.

"Жағдайымыз мәз емес. Жер болса - мынау, шөп  - мынау. Шөп - 1500 тг. Жем - 1500-ден. 10 кг сұлы 3 мыңнан асады. Түскен пенсияға жем алып, әуелі өзімізге, қалғанын малымыздың аузына беріп жатырмыз.  Өлген мал көп. Өліп жатыр", - дейді шаруа Әбен Кенжебаев. Ал, министрдің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев қиындыққа тап болған шаруаларға мемлекет көмектесетінін жеткізді. Ол үшін қазынадан қыруар қаржы қаралып та қойыпты. 1, 9 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Осы аптаның аяғына дейін ақша түседі деп ойлаймын. Процедураға  сәйкес жергілікті әкімшілік облыстық  әкімшілік комиссия құрып, тізімді бекітіп сол ақшаны әрбір жеке шаруа қожалықтарына ақшаны тарату басталады», дейді Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев. Шаруалардың айтуынша, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында субсидия көлемі мүлде басқа. Онда әр мал басына 30 мың теңге төленеді екен. Күнін төрт түлікпен көріп отырғандар жұт келген шақта  малдарын басқа өңірлерге көшіру туралы ұсыныс тастады. Егер төтенше жағдай жарияланса бұл мәселе өз шешімін табады деген үмітте.