15 шілде: Тәуелсіздік күнтізбесі

15 шілде: Тәуелсіздік күнтізбесі

15 шілде: Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. 1997 жылы Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Талғар қаласын аудандық маңыздағы қалалар санатына енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. 18 жыл бұрын (1999) Третьяков галереясында (Мәскеу) қазақстандық суретші, Сальвадор Дали атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбаевтың жеке көрмесі болып өтті. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Саяси партиялар туралы Заңы қабылданды. 2005 жылы Семейдегі Қазақ қаржы-экономикалық институты ғимаратында Қабанбай батыр музейі ашылды. 2006 жылы Болгарияның Варна қаласында 15-29 шілде аралығында өткен халықаралық балет әртістерінің байқауында ересектер тобында өнер көрсеткен 21 жастағы алматылық Ясауи Мерғалиев бас жүлдені жеңіп алды. 1964 жылдан бері 2 жылда бір рет өткізіліп келе жатқан Варна балет әртістерінің байқауы - өнердің осы саласындағы ең беделді байқаулардың бірі. Оған кезінде Рамазан Бапов, Бақытжан Смағұлов сынды бишілер қатысып екінші, үшінші орындарды алған болатын. Ал Ясауи Мерғалиев - бұл байқаудың бас жүлдегері атанған тұңғыш қазақ әртісі. 10 жасынан бастап бимен айналысқан Ясауи 2001 жылдан бері халықаралық дәрежедегі сахналарда өнер көрсетіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмәмдаған ол - қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының солисі. 2009 жылы Қазақстанда халықаралық Еуро-2 техникалық және экологиялық стандарты енгізілді. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының кедендік аумағында еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтық кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңына қол қойды. 2010 жылы Брюссельде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы: нәтижелер мен жаңа белестер тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдегі пікірталас кезінде қатысушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының тиімді тұстарын және келесі Саммитті Қазақстанда өткізудің маңыздылығын атап өтті. 2011 жылы Астана қаласында травматология және ортопедия ҒЗИ жаңа жоғары технологиялық ота жасау ғимараты ашылды. 2013 жылы қазақстандық блогер Бақытжан Бұқарбаевтың Men Qazaqpyn жобасының алғашқы шығарылымы жарыққа шықты. Men Qazaqpyn жобасы - мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерімен қазақша видеосұхбат. 2015 жылы Вьетнамдағы Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығында 100 нақты қадам ұлт жоспарының тұсауы кесілді. 2015 жылы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округінде бие сүтінен құрғақ сүт өндіру жобасы іске қосылды. 2016 жылы Ақтөбенің индустриялық аумағында жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын 5 ірі өндіріс алаңының құрылысы басталды.