Жас ғалымдарды қолдауға 3 миллиард теңге бөлінеді – Мемлекет басшысы

«Жас ғалым» жобасы аясында 1 000 жас маманға грант бөлу үшін 3 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

 

Мемлекет басшысы 2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген еді.

– Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын, – деді Президент.

whatsapp image 2021 07 14 at 19.54.13

Берік Уәлидің айтуынша, бүгінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1 000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды.

Ғалымдарға тағылымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 миллиард теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Сонымен бірге, тағылымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірленіп, тағылымдамадан өткісі келетін 1 000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны да айтылған.

Back to top button