Жаңалықтар

Жас ғалымдарды қолдауға 3 миллиард теңге бөлінеді – Мемлекет басшысы

ашық дереккөзі

Жас ғалымдарды қолдауға 3 миллиард теңге бөлінеді – Мемлекет басшысы

«Жас ғалым» жобасы аясында 1 000 жас маманға грант бөлу үшін 3 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.   Мемлекет басшысы 2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген еді. – Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын, – деді Президент.