Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 400 тонна шөп өртеніп кетті

ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында 400 тонна шөп өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы Сайқын ауылында 400 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды"Мой город" порталы. Өрт 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде тұтанып, екі мыңға жуық шөп орамы өртенді. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірді. Өрт 14 шілде таңертең толығымен сөндірілді.